Қоғам | Общество

Шындықты айтқан дәрігерге қысым жасалуына Денсаулық сақтау министрлігінің қатысы бар ма?

Толқынай Ордабаева Instagram парақшасына өзіне «400 маска салып қойылғанын» және жан-жақтан түрлі жала жабыла бастағанын жазды.
Бүгін елді шулатқан пост жазып, бірден Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың өзін елең еткізген Жамбыл облысы Меркі ауданының инфекционист дәрігері Толқынай Ордабаеваны аяқтан шалуға тырысатындар іске кіріскен сияқты, деп жазады telegram-дағы НЕХабар арнасы.

«Денсаулық сақтау министрлігі осылай жұмыс істейді. Бір жаман «подстава» жасалайын деп жатқан сияқты. Өйткені, Толқынай Ордабаева Instagram парақшасына өзіне «400 маска салып қойылғанын» және жан-жақтан түрлі жала жабыла бастағанын жазды. Осыдан кейін «Ауызды жабу басталған ба?» деген сауал туындап отыр» делінген жазбада.

Еске сала кетсек, емделушіден коронавирус жұқтырып алған дәрігер Толқынай Ордабаева сол Instagram парақшасында Меркі ауданындағы аурухана басшылығының медицина қызметкерлерін қорғаныс материалдарымен қамтамасыз етпегеніне шағымданған еді.

Комментарий