Қоғам | Общество

USAID короновиуруспен күресу үшін Қазақстанға 365 млн. теңгеден астам қаржы бөлді

АҚШ үкіметі Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы Қазақстанның COVID-19 пандемиясымен күресін қолдау үшін 365 миллион теңге (800 мың АҚШ долларынан астам) бөлгенін жариялады.

«Осындай екіталай уақытта ашықтықты қолдаймыз, себебі, ақпараттың еркін ағыны бұл індетті жеңу және болашақ денсаулыққа төнетін қатерлерге тұрақтылықты арттыру үшін өте маңызды», – дейді АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Уильям Мозер. Оның айтуынша, АҚШ Қазақстан үкіметімен ынтымақтастықты коронавирустық дағдарыс кезінде де жалғастырып жатыр. Олар Қазақстанның COVID-19 вирусының таралуын тоқтату мақсатындағы тез және батыл әрекетін жоғары бағалайды.

АҚШ Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігімен, Ауруды бақылау және алдын алу орталықтары және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп көрсетілетін көмектің басым бағыттарын анықтады. Оның ішіне масштабты тестілеу жүргізу үшін зертханалық жүйелерді дайындау, денсаулық сақтау мекемелеріндегі инфекциялардың алдын алу және бақылау, COVID-19 қадағалауын және шұғыл әрекет етуді жақсарту, ауруға шалдыққан науқастардың істерін жүргізуді жақсарту, вирус жайында дезинформациямен күрес және Қазақстандағы қауымды вируспен күреске тарту кіреді. Бұл іс-әрекеттерді қолдау үшін USAID Abt Associates, Халықаралық Қызыл Крест Федерациясы арқылы Қазақстандық Қызыл Жарты Ай ұйымына және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына қаражат бөлді.

Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен Консулдығының хабарлауынша, бұл жедел көмек АҚШ үкіметінің серіктес елдердің туберкулез, АИТВ және COVID-19 пандемиясы секілді жұкпалы аурулардың алдын алу және бақылау мүмкіндігін нығайту мақсатындағы жаһандық күш-жігерінің ішіне кіреді.

Жалпы бұл ел 2009 жылдан бастап дүниежүзі бойынша денсаулық сақтау саласына 100 млрд. доллардан астам және гуманитарлық көмек түрінде 70 млн. долларға жуық қолдау көрсеткен болатын.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ «Заң газеті»

Нашар | ПлохоОнша емес | Так себеБолады | НормальноЖақсы | ХорошоКеремет | Отлично МАТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАҢЫЗ | ОЦЕНИТЕ МАТЕРИАЛ

Загрузка...

Комментарий