Қоғам | Общество

Төтенше жағдайдағы ағайынға Microsoft жаңа қызметтерін ұсынды

Коронавирус індеті кезінде байланысы шектелген жандарға Microsoft компаниясының жаңалықтары бар. Олар 21 сәуірден бастап Office 365 үй жазылымдары Microsoft 365 деп аталатының, сондай-ақ оған жаңа мүмкіндіктер мен қызметтер қосылатының жариялады.

Microsoft 365 — жасанды интеллекттің (ЖИ) жаңа мүмкіндіктерін, әртүрлі мазмұн мен үлгілерді, сондай-ақ мәтінмен, презентациялармен және безендірумен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру үшін бұлтты есептеулерді қолданатын Office 365 эволюциясы. Онда адамдардың жақындарымен байланысын нығайтуға, отбасылық және достық қарым-қатынасты қарапайым әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік беретін жаңа қызметтер қосылады. Алдағы уақытта оларға 38 миллионнан астам Office 365 жазылушылары біртіндеп қол жеткізе бастайтын болады.

Соңғы уақытта 40 млн. адам күнделікті Skype пайдалана бастады, бұл 70% айлық өсімге сәйкес келеді. Skype арқылы қоңыраулардың ұзақтығы бір айда 220%-ға өсті. Адамдарға жылдам қоңырау шалуға көмектесу үшін, компания жақында Skype-тың жиналыс (Meet Now) деп аталатын жаңа тегін функциясын ұсынды. Ол үш рет басу арқылы бейне кездесу жасауға мүмкіндік береді және оған қосылған адамдарға тіркелгінің астында кіру және компьютеріне қосымша орнату қажет етпейді. Қосымшаны тек мобильді нұсқасы үшін орнату қажет.

Сол сияқты Microsoft Teams-ты жұмысында 44 миллионнан астам адам қолданады. Ол чаттарда сөйлесуге, қоңырау шалуға, видеоконференциялар өткізуге және бір қосымшада бірлескен жұмыстың басқа да мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік беретін командалық жұмыс орталығы. Ол байланыста қалуға, достармен сапарды жоспарлау үшін топтар құруға мүмкіндік береді. Топтық чаттарда бірігуге, бейне қоңырауларды өткізуге, істер тізімін бірге жасауға және жеке адамдарға міндеттер қоюға, кестені үйлестіруге, фотосуреттер мен бейнелермен бірыңғай орталықта бөлісуге болады. Онда енді маңызды ақпаратты сақтауға арналған құралдар қосылады. Мысалы Wi-Fi парольдері және аккаунттар деректері, сіз тіпті жақындардың үйге, жұмысқа немесе мектепке барғанда геолокациялық жаңартуларын қадағалай аласыз.

Microsoft Family Safety жаңа қосымшасы болса отбасыларға ғаламторда және нақты әлемде пайдалы әдеттерді қалыптастыру үшін құралдар мен талдауларды ұсына отырып, жақындарын қорғауға көмектеседі. Бұл Android және Xbox құрылғыларында, Windows бар дербес компьютердегі экран уақытын басқаруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар балаларыңыз үйде болмаған кезде сабырлық сақтауға көмектесетін жалғыз бағдарлама. Ол арқылы сіз геолокациямен бөлісе аласыз және отбасы мүшелері үйден, мектеп немесе жұмыстан келген немесе кеткен кезде хабарламалар алуға болады. Сондай-ақ сіздің балаларыңыз Xbox-та, Windows 10 бар дербес компьютерде және Android телефондарымен уақытты қалай жұмсайтынын түсінуге, сондай-ақ гаджеттерді пайдалану кезінде пайдалы әдеттерді қалыптастыру үшін шектеулер орнатуға көмектеседі. Онда баланың ғаламторда болған кезінде жасына сәйкес келмейтін мазмұнды пайдалануды шектей аласыз.

Microsoft компаниясының зерттеулері әрбір екінші адамның жаақсы жазуға үйренуге тырысатының көрсетті. Бұл мақсаттағы Editor қызметі 20-дан астам тілдерде Word, Outlook.com және Microsoft Edge, Google Chrome браузерлері үшін жеке кеңейту ретінде қол жетімді. Жаңа қайта өңдеу (Rewrite Suggestions) функциясы бастапқы мағынасын сақтай отырып, мәтінді неғұрлым айқын немесе түсінікті етіп жасауға болатын жолдарды көрсетеді. Сонымен қатар, авторларға біртума мазмұнды жасауға көмектесу үшін Word-дағы Editor функциясы арқылы алғаш рет мәтінді плагиатқа тексеруге болады және, қажет болғанда, дұрыс дәйексөздерді құжатқа тек бір рет басу арқылы қосуға болады.

PowerPoint пен Presenter Coach көпшілік алдында сөз сөйлеу қорқынышын жеңуге көмектеседі. Presenter Coach сіздің сөзіңізде тым жиі «Mмм» пайда бола ма, жай ғана слайдтардан оқыдыңыз ба немесе тым тез сөйлегеңізді анықтау үшін жасанды интеллектті қолданады. Microsoft мұнда екі жаңа функциясын ұсынды: сөйлеудің монотондылығын анықтағыш (monotone pitch) және сөйлеуді пысықтау. Presenter Coach сіздің дауысыңыздың үнін тыңдайды және нақты уақыт режимінде сөйлеуді эмоционалды бояулы етеді, сондай-ақ грамматикамен көмектеседі: ұсынысты қалай сауатты құруға кеңес береді.

PowerPoint конструктор функциясы (PowerPoint Designer) болса шығармашылық мүмкіндіктеріңізді қосымша уақыт талап етпей кеңейтеді. Мысалы, мәтінді бір рет басу арқылы тиімді уақыт шкаласына түрлендіре аласыз. Суретті слайдқа қосқан кезде, конструктор автоматты түрде бірнеше дизайн нұсқаларын жасайды. Microsoft 365 жазылушылары шығармашылық танытатын арсеналға ие болады – оларға әсерлі және көрнекі тартымды құжаттарды жасау үшін 8 мыңнан астам әдемі суреттер мен Getty Images-тен 175 циклдық бейнелер, 300 жаңа қаріптер және 2 800 жаңа таңбалар қолжетімді болады. Бұл мазмұн Word және Excel-де қолжетімді болады.

Мектеп, жұмыс немесе отбасы жобасын жылдам бастау және уақытты үнемдеу үшін Microsoft 365 жазылушылары Word, Excel және PowerPoint-те 200-ден астам сыйлықақылы үлгілерге эксклюзивті қол жеткізе алады. Үлгілер өте оңды резюмені, үйлену тойына шақыртуды, баланың туған күніне арналған ашық хатты жасауға, жаңалықтарды жіберуге және т.б. жасауға көмектеседі.

Көбісі Excel-ді ақпаратты жинау және талдау үшін пайдаланады. Осындай деректерді іздеу, іріктеу, жаңарту оңай емес және уақыт бойынша шығын болуы мүмкін. Жақын арада жаңа дерек түрлері Excel-ге жүктеу үшін қолжетімді болады және ақпаратты оңай іріктеуге және құрылымдауға көмектеседі: сізде азық-түлік, фильмдер, орындар, химия және тіпті покемондар сияқты 100-ден астам тақырыптар бойынша кеңейтілген мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі болады. Қарапайым мәтін мен сандарды деректер түрлеріне айырбастау арқылы уақытты үнемдейсіз. Excel ақпаратты жақсы ұсыну үшін әртүрлі визуалды және ақпараттық интерактивті деректер карталары мен суреттерді ұсынады. Биржаның деректер түрлеріне кіру және география Excel веб-нұсқасында барлығы үшін ашық. Microsoft 365 жазылушылары Wolfram Alpha базасындағы 100-ден астам жаңа деректер түріне эксклюзивті қолжетімділікке ие болады.
Microsoft Outlook веб-нұсқасының да жаңа мүмкіндіктерін ұсынды. Ол жеке және іскерлік кездесулер туралы ақпараттардың құпиялылығын сақтай отырып, жұмыс аккаунтындағы нақты жүктемені көрсете отырып, бір күнтізбедегі жұмыс пен өмірдегі барлық уағдаластықтарды басқаруға көмектеседі.

Office 365 жазушылары жаңа Office мүмкіндіктеріне қазірден бастап қол жеткізе алады. Microsoft 365 Personal (Жеке) және Microsoft 365 Family (Отбасы үшін) жазылымдары бүкіл әлем бойынша 21 сәуірден бастап қолжетімді болады.

Microsoft 365 Personal және Family жазылымдары Office 365 қызметі компьютерлерге арналған айрықша Office бағдарламалары, OneDrive бұлтты сақтау орнында бір адамға 1 TB, Skype арқылы ұялы және қалалық телефондарға 60 минут қоңырау шалу, зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету және фишингтік шабуылдардан қорғау үшін кеңейтілген қауіпсіздік құралдары, техникалық қолдау сияқты барлық мүмкіндіктерді сақтайды.

Microsoft компаниясының материалдары бойынша әзірлеген Ерлік Ержанұлы «Заң газеті»

Әлсіз | СлабоОнша емес | Так себеЖарайды | НормальноЖақсы | ХорошоКеремет | Отлично (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)

Загрузка...

Комментарий