Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қашықтан оқыту бағдарламаларын мектептер қалай тез арттыра алады?

Microsoft Education командасы оқытушылар мен оқушыларға байланыста болуға және оқыту үдерісін тоқтатпау ушін барлық мүмкіндіктерді жасайды.

Кейбір мектептер өздерінің оқушылары мен оқытушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқытуды қашықтықтан жалғастырғысы келгендіктен, Microsoft Teams онлайн-оқыту үшін барлық қажетті құралдарды ұсынады. Осылайша, оқушылар мен оқытушылар арасында білім беру үдерісін үзбеуге болады.

Microsoft Teams – бұл виртуалды кездесулерді, тапсырмаларды, файлдар мен чаттарды бір жерде біріктіретін мектептер мен университеттерге арналған тегін ресурс, ол ұялы телефонда, планшетте, ДК немесе браузерде қолжетімді.

Қалыптасқан жағдайда оқытушылар оқушыларды қолдау үшін барлық мүмкіндіктерді қолданатыны туралы біз көптеген керемет әңгімелер естідік. Сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың технологияларды пайдалана отырып, байланыста болу мүмкіндіктері туралы көптеген сұрақтар алдық. Осы уақытты пайдалана отырып, біз байланыста болу мүмкіндіктері және бір-бірімен өзара қарым-қатынастардың кейбір тәсілдері туралы айтқымыз келеді.
Microsoft Teams туралы және жұмысты қалай бастау туралы білу үшін сіз осы сілтеме бойынша қол жетімді онлайн-семинарларды көре аласыз.

Арнайы бөлім: барлық студенттермен онлайн сабақтар мен дәрістер: 250-ге дейін аудиториямен тұрақты онлайн-сыныпты қалай құруға болатыны туралы біліңіз. Бұл вебинар Teams жаңа бастаған пайдаланушыларға арналған және қонақ сабақтары мен дәрістерді қалай өткізуге болатыны туралы.

Арнайы бөлім: студенттер топтарымен онлайн-кездесулер немесе электрондық пошта арқылы кез келген біреумен: Шағын топтарға арналған онлайн кездесулерге студенттерді қалай тартуға болатыны туралы біліңіз. Бұл вебинар студенттердің іріктелген топтарымен арнайы кездесулер құру қажет оқытушыларға арналған және виртуалды жұмыс сағаттарын, репетиторлармен сабақтарды және басқа да топтық кездесулерді қамтитын болады.

Арнайы бөлім: АТ – әкімшілері – онлайн оқыту және бизнес-үдерістердің үздіксіздігі: Студенттер, оқытушылар және қызметкерлер үшін Teams-ты қалай өрістетуге және басқаруға болатынын үйреніңіз. Бұл вебинар АТ-әкімшілеріне онлайн-кездесулер, бірлескен жұмыс және басқа да көптеген командалар құруға көмек көрсетуге арналған. Microsoft Teams білім беру мекемелері үшін тегін Office 365 A1 пакетіне қосылған. Office 365 қызметін қалай қолдану және бүкіл мектептің жұмысың топтарда бастау туралы ақпаратты осы беттен табуға болады. Teams қосылғаннан кейін, оқушылар мен оқытушылар teams.microsoft.com сілтемесіне өз мектебінің мекен-жайын енгізу арқылы оны пайдалана алады.

Майкрософт Қазақстан компанисяның баспасөз қызметінің материалды бойынша әзірлеген Ерлік Ержанұлы «Заң газеті»

Әлсіз | СлабоОнша емес | Так себеЖарайды | НормальноЖақсы | ХорошоКеремет | Отлично (1 оценок, среднее: 5,00 из 5)

Загрузка...

Комментарий