Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Төлем жасау мүмкіндігін жеңілдетуге жаңа мүмкіндік жасалуда

Mastercard ПИН-код енгізбестен жасалатын түйіспесіз төлемнің шекті сомасын ұлғайтуға ниетті Еуропадағы 29 елдің ішіне Қазақстан да еніп отыр.

Ұлыбритания, Ирландия, Эстония және Польша төлем сомасының шекті мөлшерін үнемі арттырып отыратын көшбасшы елдер болса, Нидерланд, Греция мен Қазақстан өз азаматтарына осындай қиын кезеңде түйіспесіз төлемдерді жеңіл жасауға көмектесу үшін төлемнің шекті мөлшерін уақытша арттырып отыр. Бұл адамдардың төлем жасау мүмкіндігін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Түйіспесіз карталар мен мобильдік құрылғылар арқылы төлем жасау көрсеткішінің күрт артуына әкелді. Mastercard-тың Еуропадағы бүкіл транзакцияларының 75%-ы енді түйіспесіз төлем арқылы жасалады. ПИН-кодты енгізбестен түйіспесіз төлем жасау сомасының ұлғайтылуының арқасында карта иелері мен сауда кәсіпорындары ПИН-кодты енгізбестен қолма-қол ақшасыз әрі жылдам, әрі қауіпсіз төлем операцияларын жасай алады. Қазақстанда қазір ПИН-кодты енгізбестен 5000 теңгеге дейін төлем жасауға болады, ал жаңа тұғыр енгізілген соң, бұл сома 20 000 теңгеге дейін артпақ.

Mastercard-тың Еуропадағы өнімдер мен инновациялар жөніндегі атқарушы вице-президенті Милан Гаудердің сөзіне қарағанда, олар алғашқы болып түйіспесіз төлемдердің әлеуетін бағалап, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл терминалдарды осы технологияны қабылдауға дайындады. Енді біздің барлығымыз адамдар күнделікті төлемдерді жасау кезінде дәл осы түйіспесіз төлемдерге артықшылық бере бастағанына көз жеткіздік. Ал бүгінгі мәлімдеме адамдардың жүріс-тұрысында болып жатқан шапшаң өзгерістерді айқын көрсетіп отыр, ал адамдар үнемі өзгеріп отыратын бүгінгі әлемде жеңіл, жылдам, алаңсыз әрі сенімді түрде әрекет етуге ұмтылатындығы белгілі.

Қазақстандағы Mastercard баспасөз кеңсесінің хабаралауынша, төлем сомасының шекті мөлшері ұлттық валютамен бұрынғы кеңестік республикалар арасында Қазақстаннан басқа Эстония, Латвия, Литвада 25-тен 50, Белоруста 20-дан100, Тәжікстанда 140-тан 200, Қырғызстанда 1525-тен 2500, Арменияда 12 100-ден 20 000, Өзбекстанда 52500-ден 250 000-ға дейін ұлғаймақ.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ «Заң газеті»

Әлсіз | СлабоОнша емес | Так себеЖарайды | НормальноЖақсы | ХорошоКеремет | Отлично (2 оценок, среднее: 5,00 из 5)

Загрузка...

Комментарий