Әлемде | В мире

Уханда бірнеше айға созылған карантин аяқталды

Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан коронавирустың ошағы саналатын Ухан қаласында ертеңнен бастап COVID-19 вирусын одан әрі таратпас үшін енгізілген шектеулер алынып, 11 аптаға созылған карантин аяқталады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Уханда көліктер ақылы автомобиль магистральдары арқылы шығу бекеттерінде кезек орнатып, жолаушылар пойызға отырып, қаладан кетуге асығып жатқан көрінеді.

Ухан қаласының солтүстік бөлігіндегі Фухэ төлеу бекетінде көлік иелері дабылды асыға күтіп, қаладан шығуға асықты.

Уханда жеке бизнесі бар Го Лэй көлігімен төлеу орнына сағат 20:40 шамасында келген. Онымен бірге көлікте тағы алты адам бар. Олардың барлығы үйіне қайтатын күнді күтіп жүрген.

«Мен үйге оралуды тағатсыз күтудемін», – дейді Го Лэй. Ол – елдің шығысындағы Шаньдун провинциясының тумасы.

Комментарий