Қоғам | Общество

Алматының бас санитары: Көшеде маска тағудың қажеті жоқ

Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова көшеде медициналық бетперде тағуға қатысты пікір білдірді.

“Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы ұсыныстары өзгерді: маска тағу – басты профилактикалық шаралардың бірі. Бірақ мен, эпидемиолог ретінде айтарым, сыртта жүрген кезде, егер жаныңызда адам болмаса, жалғыз келе жатсаңыз, маска тағудың қажеті жоқ деп есептеймін. Ал жабық нысандарда, керісінше, маска тағу қажет”.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері жабық бөлме ішінде бетперде тағу дерттің алдын алу шараларының бірі екенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы карантин кезінде көшеде бетпердемен жүруге қатысты ұсынысын бірнеше рет өзгертті. Бастапқыда көшеде бетперде тағудың қажеті жоқ екенін айтса, қазір міндетті түрде бетперде тағуды ұсынып отыр.

Еске сала кетейік, Алматыда ауру жұқтырғандардың саны 119 адам, ішінде 21 адам жазылып шықты. Қазақстанда барлығы 670 адамда коронавирус расталды.

Комментарий