Видеогалерея

Жолды кесіп өткен: Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген сәт видеоға түсіп қалды (видео)

Mercedes-Benz Sprinter 40 жастағы ер адамды қағып кетті. Бішкекте жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Қайғылы оқиға видеоға түсіп қалған. Трагедия 13 сәуір күні шамамен сағат 18:00-де Дооронбек Садырбаев және Ахунбаев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

Бішкек Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының мәліметінше, Mercedes-Benz Sprinter жүк көлігі жолды кесіп өтпек болған 40 жастағы ер адамды қағып кеткен. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпеген. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

()

Комментарий