Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Коронавирус жұқтырғандар 525-ке жетіп, тағы бір адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус анықталған адам саны 525-ке жетті, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 25 адам тіркелді, олардың ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 14, Алматы қ. – 1, Қызылорда облысы – 2, Ақмола облысы – 1, Жамбыл облысы –1, Шымкент қ. – 1, Ақтөбе облысы – 3, Алматы облысы – 1, Қарағанды облысы – 1»,-делінген хабарламада.

Ақмола облысында коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болды.

Елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 525 жағдай тіркелген.

Олардың ішінде: Нұр-Сұлтан қ. – 216, Алматы қ. – 110, Қызылорда облысы – 28, Қарағанды облысы – 27, СҚО –25, Түркістан облысы – 23, Атырау облысы – 22, Ақмола облысы – 20, Шымкент қ. – 13, Алматы облысы – 10, Жамбыл облысы – 10, Ақтөбе облысы – 10, ШҚО – 4, БҚО – 2, Маңғыстау облысы – 3. Павлодар облысы – 1, Қостанай облысы – 1.

Комментарий