Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Түркістан облысында бір адам коронавирустан көз жұмды

Түркістан облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

Бұл – Қазақстандағы төртінші өлім.

Сондай-ақ, мемлекеттік комиссияның жедел штабы 4 сәуір 09-15-тегі жағдай бойынша Қазақстанның 8 аймағынан 36 адам коронавирус жұқтырғандығын мәлім етті.

Айтап айтқанда, Алматы қаласынан -16, Атырау облысынан -1, Солтүстік Қазақстан облысынан -7, Жамбыл облысынан – 1, Шымкент қаласынан -1, Түркістан облысынан -4, Маңғыстау облысынан – 1, Қарағанды облысынан 4 адам қауіпті індетті жұқтырған.

Осылайша елмізде вирус жұқтырғандар саны 500 адамға жетті.

Нұр-Сұлтан қаласы – 202

Алматы қаласы – 109

Шымкент қаласы – 12

Ақмола облысы – 19

Ақтөбе облысы – 7

Алматы облысы – 9

Атырау облысы – 22

Шығыс Қазақстан облысы – 4

Жамбыл облысы – 9

Батыс Қазақстан облысы – 2

Қарағанды облысы – 26

Қостанай облысы – 1

Қызылорда облысы – 26

Маңғыстау облысы – 3

Павлодар облысы – 1

Солтүстік Қазақстан облысы – 25

Түркістан облысы – 23

Комментарий