Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Біртанов: Коронавирус күзде қайта таралуы мүмкін

Қазақстанда күз айларында да қауіпті вирус қайта таралуы мүмкін. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

“Қазіргі болжам бойынша, жаз айында, мүмкін күзде де коронавирус індеті жалғасуы мүмкін. Біз білеміз, сеземіз. Осыған байланысты қажетті шаралар қолға алынды. Коронавирус күзде қайталанса, біз дайын болуымыз керек”, – деді министр онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазір түрлі болжам бар.

“Қазір сарапшылар көбейіп кетті. Бірақ көбі медицина саласының сарапшылары емес. Біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен байланыстамыз. Сонымен қатар басқа да мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктерімен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен тікелей байланыстамыз. Жалпы айтқанда, түрлі болжам көп. Қазіргі болжам бойынша әрбір мемлекет үш айдың ішінде ауырып шығатын түрі бар”, – деді Біртанов.

“Бастапқы бір, бір жарым айдың ішінде ең жоғары деңгейге келіп, ары қарай әр елде карантиндік шаралар енгізіледі. Сосын инфекцияның таралуын төмендетіп, осы үш айдың аяғында ең төмен деңгейге жетеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір көріп отырғанымыздай, Қытай, Корея эпидемиядан өтсе де, күн сайын жаңа науқастар тіркеліп жатыр”, – деді ол.

Комментарий