Әлемде | В мире

Коронавирус салдарынан екі елде қалған қарт ғашықтар шекарада күнде кездесіп жүр

85 жастағы Инга Дания азаматшасы болса, 89 жастағы Карстен – Германия тұрғыны.

Коронавирустың кең таралуына байланысты, барлық ел өз шекараларын жапты. Дегенмен, бұл шынайы ғашықтар үшін кедергі емес сыңайлы. Мәселен, Германия мен Данияда тұратын қос зейнеткер ғашықтар күн сайын шекарада кездеседі, деп хабарлайды NUR.KZ.

Шынайы ғашықтардың оқиғасы Twitter әлеуметтік желісіндегі Goodable парақшасында жарық көрген. Көпшілікті махаббатымен тәнті еткен Инга мен Карстен екі елде тұрады.

85 жастағы Инга Дания азаматшасы болса, 89 жастағы Карстен – Германия тұрғыны. Екі ел коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты, өз шекараларын жапқан.

Алайда, олардың махаббатарына бұл кедергі емес. Өйткені, олар әлі күнге дейін, күн сайын шекарада кездеседі. Қарт кісілер көрісіп қана қоймай, тәтті нанмен ыстық шай ішеді.

Комментарий