Құқық | Право

Жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысты: қаза тапқандар бар

Әуе апатынан екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды. Непал әуежайында ұшақ тікұшақпен соқтығысып, екі адам көз жұмды.

Қайғылы оқиға Непалдың шығысындағы Лукла қаласының маңында болған. Ұшақ ұшу-қону жолағында жақын жерде тұрған тікұшақпен соқтығысқан. Салдарынан ең кемі екі адам қаза тауып, тағы бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.Билік өкілдерінің айтуынша, абырой болғанда апат кезінде ұшақта жолаушы болмаған.

Әуе кемелерінің неге соқтығысқаны хабарланбай отыр. Полиция тергеу жүргізуде.

Комментарий