Құқық | Право

Беташар жасап бес күнге қамалды

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ерекше істі қарады. Облыс орталығының А.есімді тұрғыны 24 наурыз күні барлық туған – туыстарын шақырып, қазақы дәстүрмен беташар рәсімін өткізген. Әрине қуаныш, әрине той.

Дегенмен, бұл кезде еліміз бойынша төтенше жағдай жарияланған болатын. Яғни, кез-келген халық көп жиналатын іс-шара өткізуге тыйым салынған. Сондықтан, бұл азамат Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6-тармағындағы талаптарды бұзды деп айыпталды. Сот отырысында А. өз кінәсін толықтай мойындап, істеген іс-әрекетіне өкінетінін білдірді. Нәтижесінде, А. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін оған 5 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Комментарий