Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Коронавирустан қайтыс болғандармен қоштасуға 30 минут уақыт беріледі

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу алгоритмі жарияланды.

Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысында айтылды.

“Мен арнайы қаулымен коронавирус жұқтырғандарды жерлеу рәсімінің алгоритмін бекіттім. Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың денесі туысқандарына берілмейді. Қоштасуға тек 30 минут беріледі. Ара қашықтық 3 метрден кем болмауы керек. Жерлеу рәсіміне жақын туыстары мен имам қатыса алады”, – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, жерлеу рәсімі санитарлық-эпидемиялық қызметтің қызметкердің бақылауымен және жергілікті атқарушы органның қатысуымен өтеді және эпидемияға қарсы барлық шаралар қатаң сақталады.

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 369-ға жетті. Оның ішінде үш адам қайтыс болып, 29 адам емделіп шықты.

Комментарий