Қоғам | Общество

Әзілкеш Ләйлә Сұлтанқызы туралы: “Халықтың сүйіктісі” деген атақты кім берді тағы

Танымал қазақстандық әзілкеш желіде өзін Ләйлә Сұлтанқызының бұғаттап тастағанын айтты. Сондай-ақ, ол тележүргізушіні жасаған әрекеттері үшін жауап беруге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрболхан Шарапов есімді танымал әзілкеш желідегі парақшасында Ләйлә Сұлтанқызының видеосын бөлісіп, тележүргізушінің айтқанына қатысты пікір білдірді.

“Құрметті Ләйлә Сұлтанқызы! Мына сұхбатыңызды көріп күлкіден өлдім. “Халықтың сүйіктісі” деген атақты кім берді тағы? Уа, халайық, бердіңіздер ме? Сүйіктісі болу үшін шынайы болу керек, алдамау керек. Жаманды жасыруға, жақсыны асыруға, бiреудiң ала жiбiн аттамауға тырысамын. Өтiрiк iстей алмаймын. Бiреуге менiң зияным тимеу керек дейсiз бе? Айтқан сөздеріңіздің бәрін керісінше істедіңіз ғой. Анау қызды оқудан шығарып тындыңыздар”, – деп жазды әзілкеш.

Әрі қарай аталған бағдарламаның гей, трансвестит, пәктігін сатқандарға жарнама, үгіт жүргізгеніне тоқталып, тележүргізушіні медиа батлға шақырды.

“Сөзім жоқ! Мен сізді өте жақсы білемін. Сіз айтылған сын пікірлерді өте қатты жүрекпен қабылдайсыз. Сол үшін шығар мені блокқа тыққаныңыз. Бірақ жеткізетіндер табылар. Анау продюсер балақайдың артына тығылмай шығыңыз меиа батлға. Оған не жоқ десеңізші, хайп жасағысы келеді өзінше. Рейтинг не теңі десей оның. Жалпы Ләйлә ханым батлға шықсын ба, ағайын?” – дейді Нұрболхан Шарапов.

Аталған сұраққа қатысты әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге айырылды.

Комментарий