Талқыдағы тақырып

Мен халқымды тап осындай көнбіс деп ойламайтын едім

Ағайын!
Мен халқымды тап осындай көнбіс деп ойламайтын едім. Осындай алып территорияны иемдеген халық,осыншама қорқақ дәрежеге жетіп, ата бабамыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған, ұрпағына аманат еткен, талай қантөгісті көрген елдің ұрпағы тап осындай күйге түсеуін қалай бағалауға болады. Бұл ненің салдары? Себебі не?…
Мен айтпасам да бұл тақырыпқа көп жазылды, айтылды. Ал енді сол айтылған, жазылғандардан қорытынды шығармайтынымыз не? … Бұл халықтың жоғарыда айтқандай, биліктен қорқақтығы ма болмаса саяси надандығы ма? .. Қызмет, несие, “тәубе, шүкіршілік”, елдегі 30 жыл бойғы “сабдарлы да сындарлы саясат” аттөбеліндей Назарбаев кланының билікті де, байлықты да иемденуіне, узурпацияға, халықтың қайыршылануына апарып соқтырып отырған жоқ па?… Басқаны айтпағанда, мына Ана мен Бала қозғалысы нені білдіреді? Осыны көріп отырған халық қалай “тәубе, шүкіршілік” деп отыра беру керек? Халықты қанай-қанай бұл жағдай, қолында азды-көпті жиған-тергені барларға жетпей ме? Араны ашылған жалмауыздар неден таянуы мүмкін? “Өгізге туған күн бұзауға да жетеді”, бауырлар! Рейдерлік захват (басып алу), ертең халықтың барын алып болғаннан кейін, ауызды сендерге де салады, ағайын…
Тек қана осы жемқор жүйені өзгерткенде ғана бұдан құтылуға болады!
Назарбаевтың өз ұрпағының биліктен, байлықтан айырылмауы үшін қандай айла-тәсілге барып отырғаны, көз алдымызда істеп отырған ісінен бүкіл дүниежүзіне белгілі болып отырған жоқ па? Бірақ ол басқа елге керек пе, керегі жоқ! Олар мысқылдап күліп,миғынан жымыйып қана отыр! Шынтуайтқа келгенде, оларға керегі Қазақстанның байлығы, қай билік сол байлықты өздерімен бөлісіп жесе, алпауыт елдердің барлығы сол билікті жақтайды! Олар Қазақстан халқының мүддесін емес, алдымен біздің биліктегі жемқорлармен бірлесе отырып, өз мүдделерін қорғайды!… Сондықтан халқым, “заграница нам поможетті” қойып, өз билігіңе өзің қолыңды жеткіз, миллиондап бірігуді ойла. Бірлік бар жерде тірлік бар. Ұзын сөздің қысқасы: қазіргі билік қолдарындағы өздеріне ғана қызмет ететін заңдар арқылы халықтың барлық құқығын шектеп тастады. Халықта эволюциялық жолмен билікті өзгертудің бір-ақ жолы қалды, ол: БАРЛЫҒЫМЫЗ миллиондап бірігіп, бүкіл қозғалыстардың бірігу нәтижесінде, сайлауға бір ортақ кандидат шығарып, жүйеге өзгеріс әкелу, болмаса тағы да жылдар бойы Назарбаевтар кланы құлдығына ауысу! Оған қазіргі уақыттың өзінде НАЗАРБАЕВТЫҢ “бүйректен сирақ шығарып” мемлекет қауіпсіздігі кеңесі” дегенді шығарып, бүкіл билікті басып алуы, узурпациялауы! .. Мен болдым, айтарға басқа сөз қалған жоқ, халқым, шешім өз қолдарыңда, ұрпағыңның болшағын ойла, ертең олардың алдында қалай жауап беретіндіктеріңді ойла, қазағым!

Санат Сүгірәлі

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий