Қоғам | Общество

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көтеріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көлемін көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мен бұған дейін дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешімдер қабылдадым. Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым. Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.»,- деді Тоқаев.

Комментарий