Бас тақырып | Тема дняЭкономика

Тоқаев: 42500 теңге ресми түрде жұмыссыз қалғандардан бөлек, табыссыз қалған барша қазақстандыққа беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 42500 теңгелік жәрдемақы табыссыз қалған барша қазақстандықтарған төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын.Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі”, – деді Тоқаев.

Бұған қоса президент азық-түлікті тегін алатындардың қатары көбейетіндігін айтып кетті.

“Сонымен қатар, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді. Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да иеленеді. Тегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамға беріледі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырамын. Соған байланысты медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қол жетімді болып қала береді”, – деді Тоқаев.

Комментарий