Қоғам | Общество

«Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы қайтыс болды

«Ақиқат» журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аманхан Әлімұлы қазіргі Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мәскеудегі Бүкілодақтық A.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. Республикалық басылымдарда қызмет істеген.

«Кездесу» (1983), «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) жыр жинақтарының авторы. Арыс қаласының «Құрметті азаматы».

Комментарий