Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Не боп барады? Індет жұқтырғандар 283-ке жетті

Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 283-ке жетті. Бұл туралы Денсаулық министрлігінің жедел желісі хабарлады.

 Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 наурыз сағат 23:30 жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында 1 адам, Алматы қаласында – 3 адам, Атырау облысында – 6 адам, Алматы облысында – 2 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 70 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам, Атырау облысы – 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 6 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, жалпы 283 науқас тіркелді.

 

Nege.kz

Комментарий