Экономика

Қытай миллиардері Джек Ма Қазақстанға көмек көрсетеді

Қытай миллиардері Джек Ма Қазақстанға көмек көрсетеді, деп жазады WEmedia PR агенттігі.

Миллиардер және Alibaba қорлары коронавируспен күресуге қажет медициналық құралдарды Қазақстан, Әзербайжан, Бутан, Үндістан, Қырғызстан, Вьетнам, Өзбекстанға жібереді.

“7 мемлекетке 1,7 миллион медициналық бетперде, 165 мың тест жүйесі, қорғаныш киімдері мен медициналық құралдар: өкпені жасанды желдету аппараттары мен термометрлер жібереді. Осылайша, екі қор Азиядағы 23 мемлекетке көмек көрсетпек. Бұл елдерге 7,4 миллион бетперде, 485 мың тест жүйесі, 100 мыңнан астам қорғаныш киімдері жіберіледі. Қалған елдер көмекті алдағы уақытта алады”, – делінген PR агенттігі таратқан хабарламада.

Үндістанның Дели қаласындағы Қызыл Крест ұйымының қызметкерлері бірінші болып көмек алған.

Бұдан бұрын Италияға да осындай көмек көрсетілген. Ондағы Қызыл Крест ұйымының қызметкерлері медициналық құралдарды тиісті орындарға таратады. Сондай-ақ, ол Ресей мен АҚШ-қа миллион медициналық маска сыйға тарқан болатын.

Комментарий