Жаңалықтар | Новости

Алматы облысында індет ошағы тіркелген елді-мекен атаулары жарияланды

Облыстың үш аймағында коронавирус бойынша бір-бірден жаңа факті тіркелді.

Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы үш жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстың үш аймағында коронавирус бойынша бір-бірден жаңа факті тіркелді.

Бірінші жағдай – 1957 жылы туылған әйел, Іле ауданындағы уақытша ауруханада карантинге орналастырылған.

Екінші жағдай Жамбыл ауданында тіркелген. 1997 жылғы бойжеткен 20 наурызда Оңтүстік Кореядан “Ие Чоу-Алматы” рейсімен келді.

Үшінші науқас – 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны. Ол – жүктіліктің 21-22 аптасында.

Барлық науқастар Қарасай жұқпалы ауруханасында емделіп жатыр.

Облыс әкімі Амандық Баталов осы үш аумақта зарарсыздандыру шараларын күшейтуді тапсырғанын баса айта кетелік.

Алматы облысында бүгінгі таңда коронавирус инфекциясының 4 жағдайы анықталған.

Комментарий