Елең еткізер | АктуальноҚұқықтық кеңес | Юридическая консультация

Алматы ХҚО-ларындағы дайын құжаттарды қайдан алуға болады?

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша  Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау  мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының  жұмысы тоқтатылды. Азаматтар қызметтерді тек электронды форматта  алады.

30 наурыздан бастап Алматы қаласында дайын құжаттарды беру үшін  Жандосов көшесі, 51. мекенжайындағы Әуезов аудандық халыққа қызмет  көрсету орталығы бірыңғай терезе ретінде жұмыс істейді. Мұнда алматылықтар онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дайын  нәтижесін ала алады. eGov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде  берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызмет бар.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы алты Мамандандырылған ХҚО-лардағы дайын құжаттарды беру үшін, Майлин көшесі, 85. мекенжайындағы №2 Мамандандырылғын ХҚО терезесі жұмыс істейді. Онда автокөлігін қайта
тіркеуге қойған немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырғандар дайын құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірін ала алады.  «Қызмет алушылардың дайын құжаттарын беру жұмысына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының 20-ға жуық қызметкері тартылған. Олардың барлығы қорғаныс және дезинфекция құралдарымен жабдықталған» – дейді филиалдың PR менеджері Жаңыл Әпетова.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.

Айта кетейік, 21 наурызға дейін халыққа қызмет көрсету  орталықтарына өтініш тапсырған азаматтар дайын нәтижелерін 29 наурызға  дейін алғаш жүгінген ХҚО-дан ала алады. Миграциялық ХҚО-дан алуға тиіс
дайын құжаттарды да Әуезов аудандық халыққа қызмет көрсету орталығын
(Жандосов к-сі, 51) алатынын еске саламыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы Алматы қаласы филиалы.
Телефон: 87073240176

Комментарий