Құқық | Право

Ойына келгенін істеген: Балқашта зорланған қыз ақыры дегеніне жетті

Сот зорлықшыларға жазаны күшейтті, енді төртеуі де 8 жылдан түрмеде отырады. Балқаш қаласында қыз зорлағаны үшін сотталған полицей мен оның үш досына кесілген жаза күшейтілді.

Зардап шеккен қыз соттың үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсірген еді. Нәтижесінде жаза мерзімі 8 жылға дейін ұлғайтылды, деп жазды Orken-media.kz порталы.Естеріңізге сала кетейік, қылмыс өткен жылдың мамырында жасалды. Төрт жігіт түнгі клубтан шыққан қызды көріп, оның соңына түскен. Олар жәбірленушіні көлікке күштеп мінгізіп, жағалауға алып келген, ұрып-соғып, кезектесіп зорлап, ойына келгенін істеген. Содан кейін ізін суытқан. Зорлықшылар ұсталды, олардың бірі құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін болып шықты.

Сот үкімімен төртеуі де екі бап бойынша кінәлі деп танылды. Үшеуі бес жарым жылға сотталса, біреуі бес жыл және үш айға бас бостандығынан айырылды.

Бойжеткен соттың үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсірді. Қарағанды облыстық сотының алқасы жазаны күшейтті, енді төртеуі де 8 жылдан түрмеде отырады.

Комментарий