Әлемде | В мире

Вирус жануарларға жұға бастады

Льежск университетінің зерттеушілері адамнан мысыққа COVID-19 коронавирусының жұққанын растады.

Бельгияның коронавирус жөніндегі ғылыми комитетінің басшысы Стивен Ван Гухт гигиена талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Бельгияның азық-түлік тізбегінің қауіпсіздігі жөніндегі федералдық агенттіктің ақпараты бойынша, үй жануарлары адамдарға немесе басқа да жануарларға вирус бере алатынына әлі де дәлел жоқ. Дегенмен, болған оқиға жануарлардың вирус тарату қаупі барын байқатады.

«Егер ауырып тұрсаңыз, жануарларға жоламаңыз, оларды ұстағаннан кейін қолыңызды жуыңыз. Жануарлардың бетіңізге жақындауына жол бермеңіз», – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта жануарлардың адамдардан коронавирус жұқтыруы бойынша тек үш жағдай белгілі болған (Гонконгте 2 ит және Бельгияда 1 мысық).

Иттерде ауру белгілері байқалмаған, ал бельгиялық мысық тыныс алғанда қиналған және диарея болған.

Nege.kz

Комментарий