Қоғам | Общество

Алматыда 12 жастағы қыз коронавирусты жеңіп шықты

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев екі адамның аурудан жазылғанын хабарлаған еді.

Алматыда балалар жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатқан 12 жастағы қыз дертінен айықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Ертең анализ расталғаннан кейін тағы бір пациентті шығару жоспарланып отыр. Ол қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 12 жастағы қыз”, – делінген ақпаратта.

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев екі адамның аурудан жазылғанын хабарлаған еді. Оның бірі – Нұр-Сұлтанда, екіншісі – Алматы қаласында.

Ал 27 наурызда Алматыда үшінші науқас ауруханадан шықты. Ер адам қалаға 13 наурызға қараған түні Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 126 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында – 60, Алматы қаласында – 48, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында – 3, Атырау облысы – 3, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Ақмола облысында – 1, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам.

26 наурызда Қазақстанда коронавирустан бір адам қайтыс болды.

Комментарий