Талқыдағы тақырып

Неге Жұмақта “Тесла” көлігі мен интернет туралы айтылмайды?

Діни уағыз тыңдадым. Жаннатты сипаттайтын уағыз. Су, Сүт, Шарап және Бал ағатын төрт өзен болады екен. Қанша ішсең де тоймайсың, шөліңді қандыратын, ешқашан лайланбайтын төрт өзен. Жұмаққа түскендерге бұйыратын өзен екен. Сонымен қатар жұмақи жандарға 72 xор қыз беріліп, ол әр қыздың 72 көмекші қызы болады екен. Қысқасы, кайф жер сияқты …

Соған байланысты сұрақтар пайда болды.

* Жұмақта дәмді тағамдар мен жемістер болса, онда адам баласы сонымен қоректеніп, дәрет сындырмай ма?

* Егер жұмақи ер азаматтарға 72 xор қызы берілсе, жұмақи әйелдерге 72 шаршамайтын Johnny Sins сияқты xор жігіттер беріле ме?

* Жұмақты сипаттағанда, неге адамның нәпсісіне керек заттар сипатталады? Неге Жұмақта “Тесла” көлігі мен интернет туралы айтылмайды? Теxника мен ғылымның дамыған түрі айтылмайды?

#Nordman
#АрабтыңЕртегісіЕмесПе?

Samat Nordman Nurtaza 

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий