Жер жаннаты - ЖетісуҚұқық | Право

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНА 25 ЖЫЛ!

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ ӘЛЕМНІҢ ОЗЫҚ ЖҮЙЕСІН ҮЛГІ ЕТЕ ОТЫРЫП ОСЫДАН 25 ЖЫЛ БҰРЫН ХАЛЫҚҚА ЖОЛ ТАРТҚАН. МІНЕ, СОДАН БЕРІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ, АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ БҰЗЫЛМАУЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТІП КЕЛЕДІ. АТА ЗАҢ БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ТЕГІН БІЛІМ, МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК, ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС СИЯҚТЫ КӨПТЕГЕН ҚЫЗМЕТ ҰСЫНДЫ. АЗАМАТТЫҚ ИНСТИТУТТАР МЕН БЕЙБІТШІЛІК, СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ МЕН ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНЫП, ОНЫҢ ОДАН АРЫ БЕКУІНЕ ӨЛШЕУСІЗ ҚЫЗМЕТ ЕТІП КЕЛЕ ЖАТҚАН КОНСТИТУЦИЯ БАРША ЗАҢНЫҢ АТАСЫ.

Демократиялық қоғамның жанжақты дамуы, мемлекет пен халық арасындағы үйлесімділік бағдарының нәтижесінде елімізде әртүрлі тыйым мен шектеу жойылды. Мемлекет Конституция аясында адам сапасын көтеру, саналы да білімді азамат тәрбиелеу ісіне өте үлкен еңбек сіңірді. Мемлекеттегі қолжетімділік пен ашықтық кез келген құқықтық саланың басымдық беретін құрылымына айналды. Мұның бәріне бүгінде елулікке енгелі тұрған ұлы мұраттар түрткі болды.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қабылданған барлық заңдар бүгінгі өмір талабына сай қайта қаралып, өзгертулер мен толықтыруларға ие болды. Сондай құжаттың бірі – «Нотариаттар туралы» заңына 2019 жылы өзгеріс енгізіліп, жаңа талаптарға сай қайта қабылданды. Осы заң аясында елдегі нотариаттар қызметі көптеген жаңа ережелермен толықты. Бұл өзгертудің тиімді тұсының бірі – даулы емес біраз мәселелердің нотариаттар құзыретіне өтуі болды. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары нотариустарға түрлі тұрмыстық мәселемен жүгінетіндер саны артты. Сол себепті де елдегі нотариустардың атқаратын қызмет аясы кеңіді. ҚР «Нотариат туралы» заңына сәйкес нотариустар келісімшарттарды, жеке тұлғалардың арыздарын және де басқа құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын, сенімхаттарды куәландырады, өсиеттерді, мұрагерлік істерді ашады, мұрағаттық істер бойынша мұрағаттық құжаттарды береді. Аталмыш қызмет түрлері «Нотариат туралы» заңның 32 және 34-бабында анық жазылған. Мұның қайқайсысы да қарапайым халық үшін өте өзекті. Ал, осындай қызметті халыққа дер шағында ұсыну нотариаттардың міндеті. Сондықтан да бұл қызметке келетін адам қатаң талаптан, іріктеуден өтеді. Халықтың көңілінен шығып, оларға сауатты қызмет көрсету нотариус мамандардың біліктілігін сынайды, әрі сол жолда оларды шыңдайды. Нотариустар қызметі мемлекет белгілеген орталықтар арқылы бақыланады. ҚР заңдарын сыйлау, құрметтеу, ҚР Конституция бекіткен басты құндылық саналатын адам және оның құқығын қадірлеу кез келген нотариустың жадында тұратын қағида. Ендеше, қоғамдық бақылау мен әділетті қоғамды аңсайтын, соның жолында күресетін азаматтар тұрғанда елде құқықбұзушылықтар көбеймейді. Нотариустарға бейбіт құжаттарды заңдастырудан өткен ізгілік жоқ. Ендеше, алдағы уақытта нотариаттар жұмысының заң аясында адал атқарылып, білім-білігін тереңдете беретіні де анық. Өйткені, сауатты халық қана заңдық дауларды болдырмайды. Әрі құқықтық сауаттылықты ондай қоғам қалыпты, солай болуға міндетті деп қабылдауы керек.
Рысхан МАРТЕПБАЕВА,
Алматы облысы нотариаттық
округінің нотариусі

Комментарий