Қоғам | Общество

Қарағанды қаласында тағы екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 111-ге жетті. Соңғы екі жағдай Қарағанды қаласында тіркелді деп хабарлайды Zanmedia.kz  coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

26 наурыз 21:00-дегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Қарағандыда тiркелді.

“Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 111 науқас тіркелді”, – делінген хабарламада

Комментарий