Қоғам | Общество

Өлген көгершіндердің суреттері: Мамандар себебін анықтайтын болды

Әлеуметтік желіде Алматы саябағында әлсіреген көгершіндердің суреті пайда болды. Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінде жағдайға байланысты пікір білдірді.

“Біз бүгін Алматыда 28 панфиловшы саябағындағы әлсіреген көгершіндер мен құс өлексесі түсірілген суреттерді алдық”, – деп жазды әлеуметтік желіде комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстары әсерінен болды деп болжам жасап жатыр.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының мамандары саябаққа барады. Ділдахмат өзге мемлекеттік орган өкілдері де баратынын айтты.

Олар тиісті сынамалар алып, зертханалық зерттеу жүргізеді.

“Құстардың мұндай күйінің нақты себебі зерттеу қорытындысы бойынша белгілі болады”, – деді ведомство өкілі.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Комментарий