Қоғам | Общество

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті

26 наурыздағы 08:25 сағаттағы жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Денсаулық сақтау министрлігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 наурыз сағат 08:05-тегі жағдай бойынша, Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Алматы қаласында 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 3 адам.

Сонымен қатар, 26 наурыздағы 08:25 сағаттағы жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

“Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді”, – делінген хабарламада.

Комментарий