Қоғам | Общество

Коронавирусты үй жағдайында емдеу кезіндегі дәрілердің тізімі жарияланды

Ресейде COVID-19 коронавирусын жұқтырып, дерті жеңіл өтіп жатқан науқастарды үй жағдайында емдеудің алгоритмі бекітілді, деп хабарлайды zakon.kz Известия басылымына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, мұндай науқастарға сұйықты көбірек ішу ұсынылады, ал дәріге келетін болсақ, парацетамолдан басқа лопинавир мен ритонавир деген таблеткалар негізгі ем ретінде тағайындалады. Бұл – вирусқа қарсы препараттар, әдетте ВИЧ / СПИД-ті емдеу үшін тағайындалады, делінген Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.

Алған ем екі күнде жасалған қос тест теріс көрсеткішті көрсеткенде нәтижелі деп саналады.

Бұған дейін Мәскеудің денсаулық сақтау басқармасы коронавирус жұқтырып, ауруы жеңіл формада жүріп жатқан науқастарға үйде емделуге рұқсат берген. Ыстығы 38,5 градустан аспайтын, тыныс алу жиілігі 30-дан төмен, еркін тыныстай алатын, қандағы оттегі 93% -тен асатын науқастаға үйде болуға рұқсат етілген.

Worldometer мәліметтеріне сәйкес, 24 наурызда әлемде бұл дерт 415 мыңнан астам жағдай расталды, одан 18,5 мыңнан астам адам көз жұмды. Ресейде коронавирустық инфекцияның 495 жағдайы анықталды.

Комментарий