Қоғам | Общество

Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Coronavirus2020.kz мәліметінше, Қазақстанда 25 наурыздағы ақпаратқа сәйкес коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам бар. Оның екеуі – Алматыда, бесеуі – елордада тіркелген. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 79 науқас тіркелді.

Комментарий