Қоғам | Общество

Далада маскамен жүруге бола ма? – Комаровский COVID-19 туралы сұрақтарға жауап берді

Танымал украиналық дәрігер Евгений Комаровский коронавирус туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Видео дәрігердің Youtube хостингінде жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігер бірінші кезекте бөлмені бірнеше рет желдетіп тұру керегін айтады. Оның айтуынша, вирус ауасы жоқ бөлмеде 3-4 сағатқа дейін сақталады.

“Бөлмені жиі желдетіп, бір-біріңізден 2 метр қашық тұрсаңыз ешқандай да вирус жұқпайды”, – дейді ол.

Сондай-ақ, Комаровский вирустың белгілері аса байқалмаған кезде үй жағдайында өз бетінше емделуге болатынын айтады.Тыныс алуы қиындамаса үйде-ақ емделуге болады дейді. Дегенмен кез келген адам өзін өзгелерден оқшаулауы керек.

Бұдан бөлек, дәрігер далада маска тағып жүрудің қаншалық қауіпті екенін және вирустың алдын алуда дәрумендердің әсер ету-етпеуі туралы сұрақтарға жауап берді.

 

Комментарий