Құқық | Право

“TrueConf” қосымшасының көмегімен сот отырысына келмей-ақ, қашықтықтан бейнебайланыспен қатысу қолданылуда

Бағдарламаны жүкте және онлайн тәртібінде өз құқығыңды қорға! Жаңа технологиялар соттарда өз тиімділіктерін және қолдануға ыңғайлылығын, қол жетімділігін, сот төрелігі ашықтығын дәлелдеп келеді. Бүгінде өңір соттарында смартфонға жүктелген “TrueConf” қосымшасының көмегімен сот отырысына келмей-ақ, қашықтықтан бейнебайланыспен қатысу қолданылуда. Бұл үшін нұсқаулықта көрсетілген қосымшаны смартфонға жүктеу жеткілікті. Сот отырысының хатшысы логин және құпия сөз бергенен кейін, сотқа қатысушы онлайн режимінде қашықтықтан қатысуға мүмкіндік алады. Толығырақ ақпарат алу үшін, Жоғарғы соттың www.sud.kz ресми сайтында жергілікті аудандық соттардың телефондар мен электрондық пошта мекен-жайлары көрсетілген.
Біздің негізгі мақсатымыз – сот жүйесін цифрландыру, осы салада қолданысқа енген электронды сервистердің жұмысын қоғамға таныстыру және осы бағытта туындаған сұрақтарға жауап беру.

 Кащиев Раман Өтелгенұлы, Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісінің бас маманы

Комментарий