Бас тақырып | Тема дняҚоғам | Общество

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты

Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандардың басым бөлігі астанада. Барлығы алпыс төрт адамда анықталып отыр. Елордада тағы екі адамда коронавирус анықталды.

Барлығы елде 64 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

24 наурыз күніндегі мәліметке сәйкес, астанада 34 жағдай тіркелген. Алматыда – 26, Қарағандыда – 2, Алматы облысында -1 және Ақтөбе облысында – 1 адам.

Қазақстандағы коронавирус

Елімізде коронавирусқа шалдығудың алғашқы екі жағдайы 13 наурызда тіркелді. 16 наурыз күні елде төтенше жағдай режимі енгізілді. 19 наурызда Алматы мен астана карантинге жабылды.

Төтенше жағдай қашан аяқталады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда әлі бұл вирусқа шалдығудың шыңы тіркелмегенін айтты. Сондықтан билік екі қалада карантиннің аяқталу мерзімін нақты айта алмайды. Абаевтың айтуынша, карантин тезірек аяқталуы үшін дәрігерлердің талабын орындау керек.

Комментарий