Саясат | Политика

Абаев коронавирусты жұқтырған жоғары лауазымды шенеуніктер жайлы айтудан бас тартты

Ақпарат министрінен Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың арасында жоғары лауазымды шенеуніктердің бар-жоғы сұралды. Дәурен Абаев Қоғамдық денсаулық сақтау кодексіне сілтеме жасай отырып, бұл ақпаратты жария етуге құқығы жоқ екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл ақпарат медициналық құпия болып табылады және оны жария етуге құқығымыз жоқ», – деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар, кімнің ауырып жатқаны маңызды емес екенін атап өтті. «Ең бастысы, сауығып кетсе болды», – деді министр.

Қазір билік Қазақстанда төтенше жағдай қашан аяқталғанын нақты айта алмайды.

«Дәрігерлердің екертпелерін неғұрлым дұрыс орындасақ, жағдай соғұрлық тез қалпына келеді. Науқастардың саны көбейіп, содан кейін барып төмендейді деп күтілуде. Бір айдың көлемінде деп үміттенеміз», – деді Дәурен Абаев Орталық Коммуникациялық қызмет орталығындағы брифингте.

 

Комментарий