Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Бағдарлама жабылсын: «Өз ойым» продюсері елдің айыптауына жауап берді

Арын сатып, ақша тапқысы келген қыздың оқиғасынан кейін, қоғам белсенділері 7-арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасын жабуды талап етті. Бағдарлама продюсері Жангелді Таңатбекұлы елдің айыптауына жауап берді, деп жазады Stan.kz.

«Біз қоғамда бар нәрсені талқылаймыз, ойдан ешнәрсе шығармаймыз. Студияға келген кейіпкер — актриса, ал біз — театр емеспіз. Оған келе ғой деп ақша да төлемедік. Керісінше студияға келген азамат қарындасын қызғыштай қорып, «сол ақшаңды мен-ақ берейін» деп жанашырлық танытты.

Иә, біз кейіпкердің құрбысына көмектесе алмадық. Дегенмен өзін райынан қайтардық», — дейді продюсер.

Бұдан өзге, бағдарлама ұйымдастырушылары тақырыпты көрерменнің өзі таңдайтынын мәлімдеді. Айтуларына қарағанда, қазіргі көрермен салмақты, айтары бар тақырыпты қозғаған бағдарламаны көрмейді екен.

Комментарий