Елең еткізер | АктуальноСаясат | Политика

Қазақстандағы президент сайлауы: президенттікке үміткерлер 2 миллион теңге жарна төлейді

Президент болуға үміткер болуға ниет білдіргендер сайлауға қатысу үшін жарна төлеуге тиіс. Оның көлемі екі миллион теңгеден асады. Сондай-ақ үміткерлер өз табыстарын жария етуге міндетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

“Сайлау жарнасы ең төменгі 50 жалақы мөлшерін құрайды (ЕТЖ). ЕТЖ ағымдағы жылдың қаңтарынан бері 42 500 теңге көлемінде белгіленді. Олай болса, сайлау жарнасы екі млн 125 мың теңгені құрайды.

Сайлау жарнасы үміткер сайланған жағдайда немесе жалпы сайлауда 5%-дан көп дауыс жинаған жағдайда қайтарылады”, – деп мәлімдеді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Президенттікке үміткер ретінде тіркелу үшін ұсынылушылар ұсынылатын айдың бірінші күніндегі, яғни 2019 жылдың бірінші сәуірдегі жағдайы бойынша өзінің және жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасын әкелулері тиіс.

Тапсырылған декларацияларда үміткерлердің кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің жалған екендігі анықталған жағдайда орталық сайлау комиссиясы үміткерлерді тіркеудің күшін жоя алады.

Еске сала кетейік, орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президентіне үміткерді ұсынуға 19 күн берген болатын.

Комментарий