Қоғам | Общество

Болат Назарбаев коронавируспен күреске 150 миллион теңге бөлді!

«Елбасының қиын-қыстау кездегі халқына үндеуі ешбірімізді бей-жәй қалдырмады. Біз өз кезегімізде жолдаудың әрбір тармағын барынша жүзеге асырауға ат салысамыз. Сондықтан жүрегенің саңлауы бар әрбір саналы адам мұндай қиын шақта өзінің қоғам алдындағы азаматтық позициясын айқын білдіруі керек», – деді «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының жетекшісі Қасым Қасабеков.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың COVID19 вирусына қатысты халыққа үндеуінен соң,
қоғам белсенділері, еріктілер, кәсіпкерлер мен шаруа иелері үнсіз отыра алмауы заңдылық. Әркім өз шамасына қарай көмек қолын созуда.
Осы орайда, «Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры» өз қаражатының есебінен COVID-19 вирусымен күреске 150 миллион теңге бөледі.
«Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры» 2016 жылы сәуір айынан бастап жұмыс жасап келеді. Қордың негізгі бағыты – жартылай жетім, отбасылық жағдайы қиын жанұялардың балаларын «Берекелі үй» пансионатында орналастыру, білім беру, медициналық жәрдем көрсету, сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы, мұқтаж жандарды азық-түлік себетімен қамтамасыз ету.

Комментарий