Экономика

Енді банкке өсімпұлды (пеня) 180 күнге ғана төлейсіз!

Енді ипотекалық қарыздың төлемін межелі мерзімінен 180 күннен артық уақыт кешіктіргендерден өсімпұл алуға шектеу қойылады. Осылайша, жеке тұлға сыйақы бойынша берешегінің өсіп кетуінен қорғалады, екіншіден, банктердің борышкерге қатысты дер кезінде шара қабылдау жауапкершілігі артатын болады. Сондай-ақ несие алған халықтан қаржы ұйымдары кейбір комиссияны алмайтын болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ипотекалық қарызының ай сайынғы төлемін дер кезінде өтей алмаған азаматтар 180 күннің ғана өсімпұлын төлейді, одан кейінгі уақытқа ол жүрмейді деген сөз. Ұлттық банк бұл қадамға қарыз алу және оған қызмет көрсету кезінде қарыз алушылардың шығыстарын қысқарту үшін барып отыр. Бұған дейін екінші деңгейлі банктер ипотекалық қарызын уақытында жаба алмаған азаматтардың негізгі қарызына өсімпұлды күн сайын қоса беретін еді.

Комментарий