Қоғам | Общество

АХАЖ-да ерекше неке қию рәсімі өтті

Достарын мерекемен құттықтауға келген барлық жақын адамдар да қорғаныс киімдерінде болды.

Киевтегі Соломенский ауданының АХАЖ-да ерекше неке қию рәсімі өтті. Жас жұбайлар Лиана мен Андрей отбасыларын тіркеуге барлық карантин ережелеріне сәйкес келді – маскалар мен қолғаптарда, деп хабарлайды Zanmedia.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Достарын мерекемен құттықтауға келген барлық жақын адамдар да қорғаныс киімдерінде болды.

“Карантинге байланысты барлық жоспарлар бұзылды: флорист пен бет әрлеуші, оператор және мейрамханаға дейін. Сондықтан біз жаңа отбасының дүниеге келуін осылай атап өткіміз келді”, – деді Лиана.

11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа CoViD-19 коронавирусының пандемия деп жариялады. Қазірдің өзінде әлемнің 166 еліндегі 207 мыңнан астам адам бұл ауруды жұқтырған, 8,6 мыңнан астамы қайтыс болған.

Комментарий