Бас тақырып | Тема дняСаясат | Политика

«ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ»

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Қазақстан халқы үшін Наурыз – көктем мен жаңарудың, кең пейіл мен татулықтың мерекесі. Біз оны Ата Заңның 25 жылдығы аясында атап өтудеміз. Конституция тарихи және мәдени мұралардың сақталуына және жаңғыруына кепілдік бере отырып, Наурызды аса маңызды конституциялық құндылық ретінде таниды.
Биыл Наурызды ерекше жағдайда қарсы алып отырмыз. Бүкіл әлемнің басына түскен қауіптен біраз шектеулерге әкелді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл сын-қатерге бірлесе қарсы тұрып, одан аман-есен абыроймен өтеміз деп сенемін. Осы бағытта мемлекет қажетті шараларды қабылдап жатыр.Еңсемізді биік ұстап, ізгі ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа жылды қарсы алайық.
Әз-Наурыз баршамызға құт, бақыт пен береке, әкелсін! Елімізде, әрбір отбасында бірлік пен қуаныш, тұрақтылық пен молшылық болғай! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Қайрат МӘМИ,
Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің төрағасы

Комментарий