Экономика

АҚШ билігі коронавирусқа байланысты азаматтарға 1000 доллардан береді

АҚШ-та үш апта бойы коронавирусқа байланысты ересек азаматтарға 1000 доллардан (450 мың теңгеден асады) және балаларға 500 доллардан (шамамен 230 мың теңге) беруге шешім қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай шешімді президент Дональд Трамп әкімшілігі қабылдағанын елдің қаржы министрі Стивен Мнучин мәлімдеген.

Министр, сондай-ақ, Ақ үй азаматтарға төлем жасауға 500 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отырғанын айтты. Бұл АҚШ экономикасын пандемия жағдайында қолдау үшін жасалған.

Егер үш аптадан кейін дағдарыс құлдырауға келмесе, азаматтар тағы да осындай төлемдерді алатын болады. Қазіргі уақытта конгреспен соманы бөлу келісу деңгейінде жүріп жатыр.

Комментарий