Экономика

Елімізде құрастырылған көліктердің қайсысы жоғары сұранысқа ие

2020 жылдың екі айында елімізде 12 607 автокөлік құрастырылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар бар. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлады.

Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 94,1 млрд теңгеге бағаланып отыр. Оның ішінде жеңіл автомобиль өндіру екі есеге өсіп, 11 136-ға жетті. Автобус техникасын шығару (207 көлік) қаңтар-ақпан айларында 80 пайызға артты. Сонымен қатар, жүк көліктерін құрастыру (1 091) 7,3 есеге өскен.

Биыл Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігі:

  1. Hyundai (2 138 көлік)
  2. Lada (1 986)
  3. KIA (1 105)
  4. Ravon (912)
  5. JAC (107)

Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде Skoda (92 көлік сатылды), Chevrolet (72) пен UAZ (35) бар екенін атап өткен жөн.

Комментарий