Әлемде | В мире

Италияда бір тәулікте коронавирустан 475 адам қайтыс болды

Мамандар көз жұмғандардың басым көпшілігінің бір немесе одан да көп созылмалы ауруы болғанын, тек 0,8%-ның бұрын еш ауруы болмағанын айтады.

18 наурыз күні Италияда коронавирустан 475 адам көз жұмды, деп хабарлайды Zanmedia.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Италияда коронавирус құрбандарының жалпы саны 2,9 мың адамнан асқан, 28,7 мыңнан астам адам ауру жұқтырған.

Мамандар көз жұмғандардың басым көпшілігінің бір немесе одан да көп созылмалы ауруы болғанын, тек 0,8%-ның бұрын еш ауруы болмағанын айтады.

«Италиядағы коронавирус таралуының тым ауқымды болуына пациенттердің ауру жұқтырғанын тым кеш сезінуі және індетке салғырт қарауы себеп болған: вирус жұқтырғандар ауру жұқтырғанын сезбей, тіпті аурудың қандай белгілері болатынын білмей жүре берген», – дейді ДДСҰ-ның Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович.

Комментарий