Бас тақырып | Тема дняЭкономика

Ақша айырбастау нүктелері долларды 480 теңгеге сатуда

Алматының кейбір айырбастау пункттерінде доллар 482 теңгеге сатылып жатыр. Мұны kurs.kz деректері куәландырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, Алматымен Нұр-Сұлтандағы көптеген айырбастау пункттері доллар бағамын 470-471,5 теңге деңгейінде белгілеген.

Бұл ретте көптеген айырбастау орындарында доллар сату тоқтап тұр.

Доллар сатып алу бағамы 430-448 теңгеге белгіленді.

Ұлттық банктің ресми бағамы 19 наурызда 1 АҚШ долларына439,32 теңгені құрайды.

Кейбір айырбастау орындарында еуро курсы 500 теңгеден асты, сату бағамы 487- ден 523 теңгеге дейін белгіленген.

Комментарий