Қоғам | Общество

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32-ге жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 32-ге жетті.

«Коронавирус инфекциясы бойынша тағы бес адам тіркелді. Алматыда 4, елордада 1 адам. Демек, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 15, елордада 17 адам болып, жалпы, 32 адам тіркеліп отыр», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп министрліктің фейсбук парақшасында.

Айта кетейік, ,бүгін Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14 жаңа науқас тіркелген болатын.

  • Қазақстанда коронавирустың осымен 32 жағдайы тіркелді. Вирус Алматыда 15 және Нұр-Cұлтанда 17 адамнан анықталды.
  • Сондай-ақ, Қазақстанның коронавирус жұқтырған екі азаматы Германия мен Венгрияда карантинде жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі тек ел аумағындағы науқастардың тізімін жасағандықтан, 32 адамды ғана есепке алып отыр.
  • Естеріңізге сала кетсек, Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыз 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуір 07 сағат 00 минут аралығында төтенше жағдай енгізілді. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарына 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуға тыйым салынды.
  • Тоқаевтың айтуынша, төтенше жағдай режимі қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін.

Комментарий