Құқық | Право

Прокуратура азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты

Бас прокуратура коронавирустің таралу қаупіне байланысты 16 наурыздан бастап құқық қорғау қызметтері орталықтарында азаматтарды жеке қабылдауды уақытша тоқтатты. Алайда қабылдауға бұрын жазылып қойған азаматтардың кезегі сақталады.

Өтініштерді «e-gov» электрондық үкімет порталы, «Қазпошта» АҚ қызметі, сондай-ақ прокуратура ғимараттарында орналасқан өтініштерді қабылдауға арналған жәшіктер арқылы жөнелте аласыздар.

Прокуратура органдарында өтініштердің қаралу мәселелері туралы прокуратураның тегін 115 Call орталығына және өңірлік прокуратураларға хабарласуға болады.

Комментарий